«Салли» дауылы АҚШ-та жүздеген мың үй электр қуатынсыз қалды
Қыр 18, 2020 19:01 Asia/Almaty
169 км/сағ жылдамдықпен соққан «Салли» дауылы АҚШ-қа ауыр шығын әкелді.
«Салли» дауылы 160 км/сағаттан артық жылдамдықпен АҚШ-тың Алабама мен Флорида штаттарының жағалаулық аудандарының ауқымды бөлігін жайпап өтіп, ауыр шығын келтірді. Дауыл салдарынан Алабама штатында бір кісі қаза тауып, бір кісі жоғалып кетті. Алабама мен Флорида штаттарында 500 мыңға жуық үй мен кеңсе электр қуатынсыз қалды.
Сондай-ақ, Алабама мен Флорида штаттарының Пенсакула мен басқа да аудандары су астында қалды. Өзендердің суы қауіпті деңгейге көтерілді.
Тегтер