20 қыркүйекте АҚШ тағы жеңіліс таба ма?
(last modified Fri, 18 Sep 2020 15:54:14 GMT )
Қыр 18, 2020 21:54 Asia/Almaty
  • 20 қыркүйекте АҚШ тағы жеңіліс таба ма?

Иран Сыртқы істер министрі: «2020 жылдың 20 қыркүйегінде ешқандай жаңа оқиға орын алмайды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын дұрыстап оқығаны жөн»,-деді.

Зариф Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы санкцияларын қайтару үшін белгілеген уақыты қарсаңында: «Майк Помпео қателеседі. АҚШ бұдан былай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесі емес. Санкцияларды іске қосу оңай емес, бұл –күрделі әрі ұзаққа созылатын үдеріс»,-деп жазды.

АҚШ өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарар қабылдауда жеңіске ұшырағаннан кейін біржақты негізде сес көрсетіп, Иранға қарсы барлық санкцияларды қайта салып, іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жоюға талпыныс жасады.  

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын өзінше тәпсірлеуде. Біріншіден, бұл ел қарарды тәпсірлейтіндей қазір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесі емес. Екіншіден, қарар – ядролық келісімнің бір бөлігі. Мұндай жағдайда АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі барлық шарасы заңсыз зорлық болып табылады.

Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульянов АҚШ-тың БҰҰ бекіткен Иранға қарсы санкцияларды қайтаруға талпынысы туралы: «Ешкім АҚШ-тың өзін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесіндей көрсетуге талпынысына шынайы қарамайды»,-деді.

АҚШ 2018 жылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін одан былай белгілі бір құқыққа ие боларлықтай бұл келісімге мүше емес, сондықтан осы келісім мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында белгіленген механизмдерді қолдана алмайды.

Осы маңызды жайтты ескере отырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі өткен тамызда АҚШ-тың Иранға қарсы қарарына қарсылық білдірді. Сөйтіп, АҚШ БҰҰ-да тарихи жеңіліске ұшырады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ерік-жігер танытып, АҚШ-тың №2231 қарарына жасаған түсіндірмесіне қарсы шықты. 20 қыркүйекте АҚШ-тың мүддесіне сай жаңа оқиға орын алмайды. Бұл елдің қоқан-лоққылары мен қысымдары жағдайды өзгертіп пе еді?

Қалай болғанда да, АҚШ-тың біржақтылығымен күресу және Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген құқықтарын қорғау – осы келісімнің сақталуының басты шарты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-қа жақтасу көпжақтылықты әлсіретумен бірдей, сондықтан Иранның тиісті реакциясына ұшырайды.