АҚШ-тың Иранға қарсы халықаралық санкциялардың қайтарылғаны туралы уәждері – бос сандырақ
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Трамп үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына мүше елдей Теһранның ядролық келісімді бұзғанын айтып, Иранға қарсы халықаралық санкциялардың автоматты түрде қайтарылатынын мәлімдеп, осы салада бір ай мұрсат берді.
Берілген мұрсат аяқталған соң АҚШ Мемлекеттік департаменті жексенбі күні, 20 қыркүйекте: «ИИР-ға қарсы барлық халықаралық санкциялар, соның ішінде қару-жарақ санкциясы қайта іске қосылды»,-деп уәж айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеме жасап, Иранды Батыс Азия аймағы үшін ең ірі қатер деп атап: «Санкциялар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында белгіленген step back үдерісі негізінде қайтарылды»,-деді.
АҚШ-тың Иранға қарсы халықаралық санкциялардың автоматты түрде қайтарылатыны туралы уәждері Қауіпсіздік кеңесінің 13 тұрақты және уақытша мүшесі, соның ішінде 4+1 тобының барлық мүшелерінің бұған қарсы шыққан жағдайында айтылып отыр. Ресей мен Францияның БҰҰ-дағы өкілдері АҚШ-тың Иранға қарсы шарасын сынап: «Санкциялар бұрынғыдай күші жойылған күйінде қалады»,-деді.
АҚШ-тың Атлантикалық кеңесіндегі «Иранның болашақ бастамасы» атты жобасының директоры Барбара Славин: «Тәуелсіз елдердің көбі АҚШ-тың санкцияларды қайтаруға құқығы барын теріске шығарғанын және step back санкцияларына көңіл аудармауға тырысып жатқанын ескерсек, ештеңе өзгермейді»,-деді.
Саяси тілші Барбара Белт Ушир Твиттердегі жеке парақшасында: «Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесі бұл шараның заңсыз екенін айтып отыр, өйткені АҚШ ядролық келісімде белгіленген механизмді қолданғысы келеді. Ал АҚШ қазір бұл келісімнің мүшесі емес»,-деп жазды.
Өзін әлем полициясы әрі алпауыт ел санайтын АҚШ барлық елдер оның талап-тілегі негізінде әрекет етуі керек деп ойлайды.
Сыртқы саясат жөніндегі сарапшы Хұсейн Кенани Мұқаддамның айтуынша, америкалықтар елдегі президенттік сайлау қарсаңында Моше механизміне қатысты қысым жасап, біржақты шаралар атқару арқылы Трамптың сайлауда жеңіске жету мүмкіндігін арттыруды мақсат тұтады.