Зариф: Коронавируспен күрестегі біржақты шаралар – экономикалық және медициналық лаңкестік
(last modified Thu, 24 Sep 2020 14:29:00 GMT )
Қыр 24, 2020 20:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Коронавируспен күрестегі біржақты шаралар – экономикалық және медициналық лаңкестік

Иран Сыртқы істер министрі: «Әскери құдірет, экономикалық байлық, ірі үгіт-насихат аппараттарына ие болғанына қарамастан, ірі елдерді тізе бүктірген ұсақ дұшпан Covid 19-пен күресу үшін кішіпейілдікті сақтап, әріптестік жасау керек»,-деді.

Зариф бейсенбі күні Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (CICA) мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің онлайн отырысында осы ұйымның көпжақтылықты ілгерілету және ауқымды әріптестікті кепілдендірудегі өзекті рөлін баса айтып: «Covid 19 сияқты ірі түйткілмен бірлесе күресу үшін күш-қуатты біріктіру керек»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі CICA ұйымына мүше елдердің кеңес ішінде және БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аясында өзара ынтымақтастықты нығайтуға талпыныс жасауы керектігін айтып: «Адамдардың жаны мен адами құндылықтарды сақтап қалу бәрінен маңызды»,-деп қуаттады.