Қазақстан әлемдегі қару-жарақ бәсекелестігін сынады
(last modified Thu, 24 Sep 2020 15:09:18 GMT )
Қыр 24, 2020 21:09 Asia/Almaty
  • Қазақстан әлемдегі қару-жарақ бәсекелестігін сынады

Қазақстан Президенті: «Әлем жаңа қару-жарақ бәсекелестігінің алдында тұр. Ұмытылған қатерлер қайта жандануда»,-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өткен БҰҰ Бас ассамблеясынның 75-ші сессиясында Қазақстанның әлемде ядролық қарусыздану және лаңкестікпен күрес жобаларын қолдайтынын айтып: «Халықаралық заңдар негізінде қоғам қалыптастырып, ортақ арман-мақсаттарға жетуге талпыныстарымызды жалғастыруымыз керек»,-деді.

Қазақстан Президенті қоғамдық пікірдің БҰҰ жарлығында жазылған арман-мақсаттардың жарамсыздығына сенетінін айтып, БҰҰ-ның бұрынғы қызметкері ретінде мұндай ұстанымға келіспейтінін айтып: «Бүгінде басқа кезден көбірек ортақ армандарға жетуге талпынуымыз керек»,-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ: «Көпжақтылық «қырғи қабақ» соғыстан осы күнге дейін басқа кезден көбірек әлсіреді»,-деді.