Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейді
(last modified Sat, 26 Sep 2020 09:26:03 GMT )
Қыр 26, 2020 15:26 Asia/Almaty
  • Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейді

Қырғызстан Денсаулық министрлігі коронавирусты жұқтырған 175 адамның анықталуымен олардың санының 45932 адамға жеткенін хабарлады.

 

Қырғызстанның коронавируспен күресу штабының мәліметінше, анықталған 175 адамның ішінде 13 адамның медициналық қызметкерлер. Бүгінге дейін Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 45932 адамның 42147 адам жазылды және 1699 адам қаза болды.

Өзбекстан Денсаулық министрлігі де елде коронавирус жұқтырғандардың санының көбейіп, 54181 адамға жеткеннін мәлімдеді. Бұл елде 50441 адам жазылып, 3292 адам ем алып жатыр.

Тәжікстан Денсаулық министрлігінің мәліетінше, бұл елде 9520 адам вирусқа шалдықты және 8296 адам жазылды.