Армения Президенті Таулы Қарабақ қайшылығының салдары туралы ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i48479-Армения_Президенті_Таулы_Қарабақ_қайшылығының_салдары_туралы_ескертті
Армения Президенті Таулы Қарабақ аймағында соғысты тоқтату қажеттігін айтып, Кавказ аймағын екінші Сирияға айналдырмауды ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 01, 2020 19:43 Asia/Almaty
  • Армения Президенті Таулы Қарабақ қайшылығының салдары туралы ескертті

Армения Президенті Таулы Қарабақ аймағында соғысты тоқтату қажеттігін айтып, Кавказ аймағын екінші Сирияға айналдырмауды ескертті.

Армен Саркисян: «Егер халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтатуға әрекет етпесе, Кавказ аймағы екінші Сирияға айналуы мүмкін. Сол себепті халықаралық ұйымдар қақтығыстарды тоқтатуға араласуы керек»,-деді.

Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян: «Таулы Қарабақ қақтығыстарын тек бейбіт жолмен шешуге болады. Армения келіссөз жүргізуге ешқандай алғышарт қоймайды»,-деді.