БАӘ мен Израиль аймақта дағдарыс тудырып отырса да, өз кінәларын өзгеге жабуда
БАӘ Сыртқы істер министрі мен Израиль Премьер-министрі БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті отырысында Иранға қарсы тігісі мәлім айыптауларын қайталады.
БАӘ Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Әбу Мұса, Кіші Томб пен Үлкен Томб атты үш аралдың БАӘ-ға тиесілі екенін тағы да айтты. Тарихи құжаттар бойынша, бұл аралдар Иранға тиесілі.
БАӘ-нің аймақ елдерінің ісіне араласуы көрсеткендей, бұл елдің өзі – Батыс Азия аймағында дағдарыстың бір бөлігі.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде сәрсенбі күні БАӘ-нің аймақтағы бүлдіргі әрекеті мен соғысқа қатысуын сынап: «БАӘ-нің Израиль режимімен қарым-қатынасын қалыптандыру туралы келісімі шын мәнінде бұл елді Батыс Азия аймағындағы дағдарыстың бір бөлігіне айналдырды»,-деді.
БАӘ Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысында осы елдің жазықсыз халқын қырып-жоюға қатысып, бүгінде Израиль режимімен қарым-қатынасын ашу арқылы Палестина халқының құқығы мен арманына қиянат жасады.
Израиль – Батыс Азия аймағындағы қиындықтардың бастауы. БАӘ осы режиммен қарым-қатынасын қалыптандыру арқылы Тель-Авивтің Батыс Азиядағы соғысқұмар әрі дағдарыс тудырушы саясаттарын қолдайтынын білдірді.
Нетаньяхудың Иранды ядролық қаруға қол жеткізуді қалайды деп айыптауы АҚХА-нің Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатта екенін растаған жағдайда айтылып отыр.
Израиль Премьер-министрі өз кінәсін өзгеге жауып, негізсіз уәждер айту арқылы Иранды аймақ пен әлем үшін қатер деп көрсеткісі келеді. Израильдің нәсілшіл әрі басқыншы болмысы және жүздеген ядролық оқтұмсыққа ие болуы әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне шынайы қатер болып табылады.
БАӘ мен Израильдің аймақтағы ниеті айқын болғандықтан, БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында өз кінәсін өзгеге жауып, негізсіз уәждерді қайталауы шындықты өзгертпейді. Өйткені Израиль – дағдарыстың басты көзі, ал БАӘ Батыс Азия аймағында дағдарыс тудыратын үдерістің бір бөлігі.