Ауғанстандағы америкалық күштердің басынушылығы сыналды
(last modified Fri, 02 Oct 2020 17:00:01 GMT )
Қаз 02, 2020 23:00 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы америкалық күштердің басынушылығы сыналды

Ауғанстан Парламентінің төрағасы АҚШ-тың тыңшылық ұйымына (CIA) қарасты күштердің Кабулдағы бейбастақтығын сынады.

АҚШ-тың тыңшылық ұйымына (CIA) қарасты күштер Кабул әуежайының полиция офицерін өз үйінде  өлтіргеннен кейін Ауғанстан Парламентінің төрағасы Мир Рахман Рахмани осы жөнсіздікті сынап: «Бұл қылмыс тергеліп, қылмыскерлер жазалануы тиіс»,-деді.  

Кабул әуежайының бір полиция офицері жуырда АҚШ тыңшылық ұйымына қарасты күштер тарапынан өлтірілді. Ауғанстандағы америкалық әскерилердің басынушылығы мен бүлдіргі әрекеттері елдегі түйткілдердің бірі болып отыр. Олар 2001 жылдан осы күнге дейін Ауғанстанда орнаған қорқыныш, бейберекеттік, қырып-жоюшылықтың бір бөлігіне жауапты.

АҚШ тыңшылық ұйымына қарасты күштердің жуырда Ауғанстанда жасаған әрекетінде Кабул әуежайының бір полиция офицері өлтірілді. Бұл мәселеге Ауғанстан халқы, БАҚ өкілдері мен басшылары қатаң реакция білдірді.

АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстандағы басынушы әрекеттерінің бір бөлігі олардың жауынгерлік миссиялары қалыбында орын алды.  Кабул мен Вашингтон арасында 2014 жылы Ауғанстанда шетелдік күштердің әскери амалардарын тоқтату туралы келісімге қол қойылғанына қарамастан, бұл күштер осы елде басынушы әрекеттерін жалғастыруда.

Америкалық күштердің Ауғанстандағы жүгенсіз әрекеттері мен қылмыстары толастамаған соң, Ауғанстанның Адам құқығы комиссиясы қылмыскерлердің жазалануын талай рет талап етті. Ақ үйдің қоқан-лоққысынан кейін халықаралық құқықтық ұйымдар, соның ішінде Халықаралық қылмыстық сот америкалық күштердің Ауғанстандағы қылмыстарына қатысты істі қарастырмады.  

2015 жылы Қандағар қаласында АҚШ күштерінің шекарасыз дәрігерлердің ауруханасына шабуылында ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жараланды. Бұл шабуыл АҚШ-тың Ауғанстандағы соғыс қылмыстарына қатысты іске енгізілген. Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Фату Бенсуда осы жайтқа ерекше көңіл аударды.

Ауғанстанда орналасқан құпия түрмелердегі, соның ішіндегі Баграмдағы азаптаулар да америкалық әскерилердің қылмыстарының қатарына жатады. Ауғанстан мен әлемдегі адам құқығын қорғау ұйымдары әрдайым осы қылмысты айыптап келеді.    

Шетелдік күштер мен оларға қарасты адамдардың Ауғанстанда жасап жатқан біржақты бейбастақ әрекеттерін тоқтату АҚШ күштерін бұл елден толық шығарғаннан кейін ғана мүмкін болмақ.