Парсы тілі Ауғанстанның ұлттық тілі ретінде жарияланды
(last modified Sat, 03 Oct 2020 09:27:14 GMT )
Қаз 03, 2020 15:27 Asia/Almaty
  • Парсы тілі Ауғанстанның ұлттық тілі ретінде жарияланды

Ауғанстан үкіметі парсы тілін шетелдік тілдер тізімінен алып тастап, бұл тілді елдің ұлттық тілдерінің бірі ретінде жариялады.

 

Ауғанстанның ұлттық статистика және ақпарат басқармасының бастығы Ахмад Джавид Расули: «Елдің парсы тілді азаматтарының наразылығына байланысты парсы тілі шет тілдер тізімінен алынып, осы елдің ұлттық тілдеріне қосылды. Осы уақытқа дейін Ауғанстанда электронды жеке куәлік формасын толтырған кезде  парсы және тәжік тілдері шет тілдері, ал урду, панджаби, араб, синди, моңғол, қазақ және басқа да кейбір тілдер жергілікті тіл ретінде көрсетілді. Бұл мәселе парсы тілді азаматтардың наразылықтарымен кезікті»,- деді.