Таулы Қарабақ аймағындағы әзірбайжан-армян күштерінің қақтығыстары жалғасуда
3 қазан Әзірбайжан-Армения әскерилері соғысының жетінші күнінде екі елдің күштерінің түйісу сызығында қақтығыстары күшейді.
Мамандардың пікірінше, қазіргі қақтығыс - Баку мен Ереван арасындағы 2016 жылдан бергі ең ауыр әскери қақтығыс. Олар соғыс ауқымын ескере отырып, ол тек аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ғана емес, соғысушы тараптардың экономикасына да өте жағымсыз әсер етеді деп санайды. Соғысушы тараптар қазіргі соғыстағы өз күштерінің жеңістерін қуаттағандарымен, жарияланған хабарларға сай Әзірбайжан күштерінің, әсіресе оңтүстік облыстарда алға жылжуын көрсетеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының басшылары, соның ішінде атысты тоқтату режимін қадағалауға міндеттелген АҚШ, Ресей және Франция соңғы 25 жылда атысты тоқтату режимін бұзған тарапты анықтай алмады. 2016 жылдың сәуіріндегі, биылғы шілде мен қыркүйек айларындағы шекара қақтығыстар атысты тоқтату режимін бұзған маңызды жәйттер. Финляндияның сыртқы саясат институтының аға ғылыми қызметкері Армения мен Әзірбайжан Республикасы арасында болып жатқан қақтығысты өте алаңдатушы деп бағалап: «Бұл екі ел кең ауқымды соғыс қарсаңында және майдандағы жағдай өте шиеленісті»,- деді. Финляндияның сыртқы саясат институтының аға қызметкері Тони Аларанта сондай-ақ: «Бұл қақтығыстарға екі елдің ішкі саясатындағы кейбір факторлар да қатысқан сияқты және екі ел де өз халқына мықты көшбасшылықты көрсетуге талпынуда. Мұндай жағдайда екі тарап шекараның екі жағында бейбіт тұрғындардың өлімі туралы мәселені көтеріп, бір-бірін зорлық-зомбылық жасады деп айыптайды. Бұл соғыс аймақтың кейбір тұрғындарының босқынға айналуына себеп болуы мүмкін»,- деді.
Кавказ аймағы стратегиялық, табиғи ресурстары, сондай-ақ Еуропаға энергия тасымалдау жолдары тұрғысынан алғанда аймақтық және аймақтан тыс державалардың бәсекелестік орны болды. Минск тобы басшылары әзірбайжан-армян қақтығысын тоқтата алмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан көптеген сарапшылар соғысты тоқтату үшін Иран мен Түркияны қосу қажет деп санайды.