Лавров: Ресей Батыстың жаңа санкцияларын жауапсыз қалдырмайды
(last modified Mon, 05 Oct 2020 13:36:45 GMT )
Қаз 05, 2020 19:36 Asia/Almaty
  • Лавров:  Ресей Батыстың жаңа санкцияларын жауапсыз қалдырмайды

Ресей Сыртқы істер министрі Еуроодақтың ресейлік тауарлардың одақ нарығына кіруіне жаңа шектеулер қойып жатқанына тоқталып: «Еуропаның бұл шарасы жауапсыз қалмайды»,-деп баса айтты.

Навальныйды улап, Германияға жібергені туралы айтылған уәж қазір батыстықтардың Ресейге қарсы шараларын кеңейтуіне жаңа сылтау болып отыр. Мәскеу Еуропаның Ресейді Навальныйдың улануына қатысы бар деп айыптауын кесімді түрде теріске шығарды.