Мысырда 2500 жылдық тарихы бар 59 табыт табылды
(last modified Mon, 05 Oct 2020 16:54:09 GMT )
Қаз 05, 2020 22:54 Asia/Almaty

Мысырдың Көне ескерткіштер министрі: «Сахара аймағында 3 терең құдықтан 59 жабық табыт, 2500 жылдық тарихы бар ондаған мумия, жүздеген көне заттар мен бір үлкен қола мүсін анықталды»,-деді.

Бұл тарихи ескерткіштер Каирдің оңтүстігіндегі  Гиза облысының Сахара ауданында табылды.  Халед әл-Анани: «Қазба жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мысыр археологтары осы ауданда басқа да заттарды анықтауға тырысып жатыр. Өйткені мұнда көбірек жұмыс істесе, ашылатын көптеген таңғажайып дүниелер бар»,-деді.