Баку-Ереван текетіресі жалғасып жатыр
Армения Әзірбайжанның минометтік шабуылдарды қайта бастағанын хабарлады.
Армения Қорғаныс министрлігі әзірбайжан күштерінің дүйсенбі күні таңертең Қарабай аймағының солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік және әсіресе орталық бөліктеріне артиллериялық шабуылдар жасап, армян күштерінің позицияларын нысанаға алғанын айтты.
Армения Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, осы елдің күштері шабуылдарға тойтарыс беріп, әзірбайжан күштеріне ауыр соққы беріп, текетірес басталған 27 қыркүйектен бері Әзірбайжанның 514 сауытты көлігін қиратты.
Басқа жағынан Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі арман күштерін Қарабақ аймағындағы Агдам қаласына минеметпен шабуыл жасады деп айыптады.
27 қыркүйекте Қарабақ аймағында Армения мен Әзірбайжанның қақтығыстары қайта басталды. 14 күн өткен соң Мәскеу отырысында екі елдің Сыртқы істер министрлері мен Ресей сенбі күні атысты тоқтатуға келіскен болатын. Алайда аймақта қақтығыстар жалғасып, екі ел бір-бірін бітімді бұзды деп айыптауда.