Ресей мен Еуропа басшылары Қарабақта атыс тоқтатудың сақталуын қуаттады
(last modified Wed, 14 Oct 2020 13:32:02 GMT )
Қаз 14, 2020 19:32 Asia/Almaty

Ресей мен Еуропа басшылары Таулы Қарабақ қақтығысына қатысушы тараптарды атысты тоқтату туралы келісімді сақтауға шақырды.

 

«РИО Новостидің» мәліметінше,  Таулы Қарабах аймағында атысты тоқтату ережелерін бұзу туралы хабарлар таралғаннан кейін Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу қақтығысты тоқтатып, екі тарапты атысты тоқтату туралы келісімді ұстануға шақырды. Шойгу қақтығысушы тараптарды атысты тоқтату туралы келісімді сақтауға шақырды.

Басқа жағынан, ЕО сыртқы саясат бөлімінің бастығы Жозеп Боррель Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесуінде Таулы Қарабах аймақтағы Армения мен Әзірбайжан арасындағы атысты тоқтату қажеттігін қуаттады. Ол: «Екі жақтың әскери емес аадмдарының құрбан болуы  қабылдайтын жәйт емес»,- деді.