Қазақстан мен Қырғызстанда індет жұқтырғандар саны артты
(last modified Thu, 15 Oct 2020 09:10:36 GMT )
Қаз 15, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстанда індет жұқтырғандар саны артты

Қазақстан мен Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны әлі де арту үстінде.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде 108454 адам індетке шалдыққан, қаза болғандардың саны 1746 адамға, ал сауығып шыққандар саны 103604 адамға жетті.

Қырғызстан  Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте бұл елде коронавирус жұқтырған тағы 303 адам анықталып, жалпы саны 50201 адамға жетті.

Осы ведомствоның мәліметінше, елде қатерлі індеттен көз жұмғандар саны 1094 адамға, жазылып шыққандан саны 44884 адамға жетті.