Иран Пәкістанды көкөніспен қамтамасыз етеді
Қаз 15, 2020 15:31 Asia/Almaty
Пәкістанның Азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі Ираннан қажетті көкөністерді импорттауға рұқсат берді.
Бұл ведомство Ираннан пияз бен қызанақ импорттауға рұқсат берді. Алдағы бір айда Пәкістанға қажетті көкөністер Ираннан қамтамасыз етіледі.
Пәкістанның Азық-түлік қауіпсіздігі министрлігі осы елдің ақпарат құралдарына Ираннан көкөніс импорттаушы отандық компанияларға ешқандай шектеу қойылмағанын айтты.
Пәкістанның ресми дереккөздері кеше, сәрсенбі күні елдің көптеген қалаларында пияз бен қызанақ бағасының қымбаттап бара жатқанын хабарлады.
Тегтер