Қырғызстан Президенті отставкаға кетті
(last modified Thu, 15 Oct 2020 14:35:31 GMT )
Қаз 15, 2020 20:35 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Президенті отставкаға кетті

Қырғызстан Президенті бейсенбі күні Бішкек қаласында болған соңғы қақтығыстардан кейін лауазымынан бас тартты.

Сооронбай Жээнбеков өз мәлімдемесінде Қырғызстанда саяси текетірестердің жалғасып жатқанына тоқталып: «Елдің егемендігі, халықтың  бірлігі мен қоғамның тыныштығын сақтау мен үшін бәрінен маңызды»,-деп қуаттады.

Қырғызстан Президенті, сондай-ақ, саяси талас жүргізіп жатқан тараптардан  арандату әрекеттерін доғаруды сұрады.

Қырғызстанда парламенттік сайлаудың нәтижесі жарияланғаннан кейін бейберекеттіктер басталды. Халықтық шерулерден кейін елдің Сайлау комитеті парламенттік сайлау нәтижесінің күшін жойды.

Дүйсенбі күні Бішкекте болған бейберекеттік барысында 1 адам қаза тауып, 590 адам жараланды.