Қаз 16, 2020 21:00 Asia/Almaty
  • Ресей қару-жарақ жөніндегі санкциялардың күші жойылған соң Иранмен әскери ынтымақтастық ететінін қуаттады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары бойынша 2020 жылдың 18 қазанында Иранға қарсы бес жылдық қару-жарақ санкциялардың уақыты аяқталады. АҚШ-тың бұл санкцияларды созу талпыныстарына қарамастан, Ресей бұл санкциялар жойылған соң Иранмен әскери ынтымақтастық ететінін қуаттады.

 

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Маря Захарова бейсенбі күні алдағы күндері Иранға қарсы қару-жарақ санкциялардың уақыты аяқталғаннан кейін Мәскеудің Иранмен әскери ынтымақтастығын жалғастыратынын жариялады. Ресейдің Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын алып тастау және екі елдің  әскери ынтымақтастығын қуаттауы Мәскеудің АҚШ-тың заңсыз және қисынсыз талаптарына қарсы тұру туралы айқын ұстанымын көрсетеді. АҚШ өткен бір жарым жыл бойы Иранға қарсы қару-жарақ санкциялардың күшін жоюға кедергі тудыруға талпынды.

Вашингтон өз мақсатына жету, яғни Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларын жалғастыру үшін 2019 жылдың ортасынан кең ауқымды психикалогиялық соғысты бастап: «Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларының алынып тасталуы Иранның аймақтағы құдыреті нығаюына және сионистік режимнің қауіпсіздігіне қатер тууына себеп болады»,- деп уәжденді.  

Келесі кезеңде Трамп үкіметі Қауіпсіздік кеңеске қарадың жобасын ұсынып, Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларды жалғастыруды талап етті. Бірақ Қауіпсіздік кеңестің 15 мүшесінің 13-і АҚШ жобасына қарсылығын білдірді. Трамп үкіметі бұл сәтсіздігінен кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшесіміз деп уәжденіп және Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуы туралы сылтауратып,  20 қыркүйектен Ислам республикасына қарсы халықаралық санкцияларды қайтаруды талап етті. Алайда АҚШ-тың бұл әрекеті де нәтижеге жетпеді. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Вашингтонның Иранға қарсы халықаралық санкцияларды қайтару уәждерін қабылдамады. Сондықтан Трамп үкіметі 20 қыркүйектен бастап Иранға қарсы бржақты санкциялар енгізуін жариялауға мәжбүр болды. Вена орналасқан халықаралық ұйымдардағы Ресей өкілі Михаил Ульяновтың айтуынша, АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларды созу талпынысы сәтсіздікке ұшырады және келешекте де нәтижеге жетпейді.

2020 жылдағы АҚШ президенттік сайлауының үміткері Байден де Дональд Трамптың сыртқы саясатын сынап; «Трамптың саясаттары АҚШ бұрын-соңды болмағандай оқшаулады»,- деді.

Қазіргі кезде Ресейдің Иранмен әскери ынтымақтастық туралы нақты ұстанымы Трамп үкіметінің сыртқы саясатына тағы бір соққы болды. Бұл Трамп үшін Ақ үйге оралу мақсатты сайлау науқаны басталған кезде өте жағымсыз жаңалық болды.

 

Тегтер