Қырғызстанда жақын болашақта парламенттік және президенттік сайлау өтеді
(last modified Mon, 19 Oct 2020 10:39:10 GMT )
Қаз 19, 2020 16:39 Asia/Almaty
  • Қырғызстанда жақын болашақта парламенттік және президенттік сайлау өтеді

Қырғызстан Премьер-министрі бұл елде жуырда парламенттік және президенттік сайлаудың бір мезгілде өтетінін хабарлады.

Садыр Жапаров дүйсенбі күні Қырғызстан Парламенті депутаттарымен кездесуінде елде болған соңғы оқиғаларға тоқталып: «Менің Премьер-министр болып таңдалуым – биліктің бейбіт әрі заңды түрде тапсырылуының үлгісі»,-деді.

Жапаров: «Президенттік сайлау ары кетсе 10 қаңтарға дейін өткізілуі тиіс. Президенттің отставкаға кеткен кезінен 90 күн мұрсат бар»,-деді.

Қырғызстанда 4 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижесі жарияланғаннан кейін бейберекеттік басталды. Халықтық шеруден соң елдің Сайлау комитеті парламенттік сайлау нәтижесінің күшін жойды.