Иран мен Ауғанстанның экономикалық әріптестігін дамыту қажеттігі қуатталды
Иран мен Ауғанстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссиясының төрағасы мен Ауғанстанның Ұлттық бітім жоғары кеңесінің басшысы Теһран мен Кабулдың экономикалық әріптестігін дамыту қажеттігін қуаттады.
Иранның Энергетика министрі әрі Иран мен Ауғанстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссиясының төрағасы Реза Ардаканиан дүйсенбі күні Теһранда Ауғанстанның Ұлттық бітім жоғары кеңесінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесуінде жуырда аталмыш комиссияның алтыншы отырысы өтетініне тоқталып, екі елдің түрлі салалар, соның ішінде экономика, энергетика мен кеден саласындағы әріптестігінің жағдайы жайлы есеп берді.
Ауғанстанның Ұлттық бітім жоғары кеңесінің басшысы да осы кездесуде: «Кабулда Иран мен Ауғанстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ комиссиясының алтыншы отырысын өткізуге дайындық жақсы жүргізіліп жатыр»,-деді.
Абдулла Абдулла: «Ауғанстан халқының қажеттіліктерін ескере отырып, Теһран мен Кабул арасында әріптестік салалары көп деуге болады»,-деді.