Иран мен Пәкістан шекаралық сауда комитетінің жиналысы меморандумға қол қоюмен аяқталды
https://itolqyn.com/news/world-i48701
ИИР мен Пәкістанның әріптестігін дамыту туралы меморандум екі ел делегациялары арасында өткен ортақ шекаралық сауда комитетінің 8-ші жиналысында қабылданды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 22, 2020 15:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан шекаралық сауда комитетінің жиналысы меморандумға қол қоюмен аяқталды

ИИР мен Пәкістанның әріптестігін дамыту туралы меморандум екі ел делегациялары арасында өткен ортақ шекаралық сауда комитетінің 8-ші жиналысында қабылданды.

Тараптар Иран мен Пәкістан шекаралық сауда комитетінің жиналысының соңында кедендік қызметтерді жеңілдету, сауда жолындағы кедергілерді жою үшін жұмыла әрекет ету, шекаралық шағын базарларды дамыту, адам саудасымен күресу, есірткі заттары контрабандасымен күресу қажеттігін қуаттады.