Трамп Иран туралы жалған уәждерін қайталады
Қаз 22, 2020 16:41 Asia/Almaty
АҚШ Президенті Солтүстік Каролина штатындағы сайлау науқаны барысында Иран туралы жалған уәждерін қайталады.
Дональд Трамп бейсенбі күні Солтүстік Каролина штатының Гастония қаласында: «2020 жылы 3 қарашада өтетін сайлауда жеңіске жеткен жағдайда алғашқы телефон қоңырауы Ираннан соғылады»,-деп тағы да уәж айтты.
Трамп пен оның командасындағы басқа қайраткерлер, соның ішінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео соңғы айларда сөйлеген сөздерінде және Твиттердегі жазбаларында ашық та астарлы түрде Иранмен келіссөз жүргізуді қалайтындарын айтып келеді.
Тегтер