Армения Әзірбайжан армиясының позицияларына зымырандық шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/world-i48706-Армения_Әзірбайжан_армиясының_позицияларына_зымырандық_шабуыл_жасады
Армения Әзірбайжанның үш қаласында орналасқан әскери нысандарға 6 зымыран атты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 22, 2020 18:13 Asia/Almaty

Армения Әзірбайжанның үш қаласында орналасқан әскери нысандарға 6 зымыран атты.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі осы хабарды растап: «Шабуылға ұшыраған нысандар Сиязань, Габала мен Кюрдамир қалаларында орналасқан. Шабуылда адам шығыны болған жоқ, бірақ осы қалаларда орналасқан нысандар мен құрал-жабдықтарға үлкен зиян тигізілді»,-деп мәлімдеді.

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Армения армиясының позицияларына жасалған артиллериялық шабуылдардың видеосын таратты.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы әскери қақтығыстар 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта басталды. Текетірес белгілі бір себептерге, соның ішінде аймақтағы кейбір елдердің араласуына байланысты ушығып барады.