Теһрандағы Швейцария елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
(last modified Thu, 22 Oct 2020 12:32:00 GMT )
Қаз 22, 2020 18:32 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Швейцария елшісі Иран СІМ-не шақыртылды

Иранда АҚШ-тың мүддесін қорғайтын Швейцария елшісі Вашингтонның Теһранды АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласып отыр деп айыптауына наразылық ретінде Иран СІМ-не шақыртылды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық басшылардың қайталамалы уәждерін теріске шығарып: «Теһран үшін екі үміткердің қайсысының (Дональд Трамп пен Джо Байден) Ақ үйге жол тартатыны маңызды емес»,-деп қуаттады.

Хатибзаде америкалық басшыларға өз кінәсін өзгеге жабуды тоқтатып, негізсіз айыптаулар мен күмәнді сценарийлерден бас тартып, қалыпты елдей халықаралық қатынаста басқа елдермен қарым-қатынас жасауға талпыныс жасауға кеңес берді.

АҚШ ОББ-ның басшысы Джон Рэтклифф Иран мен Ресейді АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға араласуға күш салып жатыр деп айыптады.

АҚШ-та президенттік сайлау 2020 жылы 3 қарашада өтеді.