АҚШ-та жуырда өтетін президенттік сайлау нәтижесін болжау мүмкін емес
(last modified Sun, 25 Oct 2020 13:40:07 GMT )
Қаз 25, 2020 19:40 Asia/Almaty
  • АҚШ-та жуырда өтетін президенттік сайлау нәтижесін болжау мүмкін емес

АҚШ-та президенттік сайлау науқаны соңғы аптаға аяқ басқанда сауалнама жүргізетін институттардың сайлау нәтижесін болжауға талпынысы артуда.

Соңғы күндері сауалнама жүргізетін институттардың көбі республикашылдардың үміткері Дональд Трамптың «күрес алаңы» деп аталатын маңызды штаттарда демократтардың өкілі Джо Байденнен пайыздық қашықтығы азая түскенін хабарлады. Бұған қарамастан, әлі күнге дейін Байден АҚШ-та жүргізілген ұлттық сауалнамада орташа есеппен 8 пайызға алдыда келеді.   

3 қарашада өтетін сайлауда дауыс берудің соңына дейін бір апта қалғанда Байденнің Трамптан басым түсіп тұруы демократтар үміткерінің республикашылдардың үміткерін жеңеді деген сөз емес, өйткені 2016 жылы да демократтардың үміткері халықтың басым дауысына ие болған еді, бірақ ақырында республикашылдардың үміткері электорал дауысының басымдығына сүйеніп, Ақ үйде тағы да 4 жылға қалды.  

Әрине қазіргі таңда АҚШ-та болып жатқан саяси текетірестер президенттік сайлау науқаны барысын күрделендіріп жіберді. Трамп: «Сайлауда не мен жеңемін, не заң бұзушылық болады»,-деп бірнеше рет мәлімдеді. Басқа сөзбен айтқанда, егер Трамп жеңіске жете алмаса, республикашылдардың сайлау штабы сайлауда заң бұзылды деп сылтауратып, әсіресе электронды сайлау үдерісіне күдік тудырып, сотқа арыз жазады.    

Сайлауға қатысты арызды қарастыратын сот үдерісінің соңы – Федералдық жоғары сот.  Онда консерватор қазылар көп. Трамп сайлауда жеңіске жету үшін  Федералдық жоғары сот қазыларының дауысына қатты сенім отырған сияқты.

Ал  электорал дауысы екі үміткер арасында бөлінгенде олардың ешқайсысы кемінде 270 дауыс жинай алмаса, АҚШ-тың келесі Президентін сайлау міндеті Конгрестің мойнында болмақ. Бұл жағдайда келесі Өкілдер палатасында демократтар саны көп болса да, Трамптың жеңіске жету ықтималы зор. Өйткені әрбір штат дауыс беру кезінде тек бір ғана дауыс бере алады, республикашыл өкілдері көп штаттар демократ өкілдері көп штаттардан басым болмақ.

Бұған қарамастан, АҚШ-та президенттік сайлау жүйесінің күрделілігін ескерсек, сауалнамалар арқылы оның нәтижесін болжау мүмкін еместігіне көзіміз жетеді. Алайда бір мәселе айқын: 2020 жылғы сайлау көше наразылықтары мен текетірестерге толы болмақ.

Нью-Йорк полициясының қолбасшысы Теренс Монахэнның айтуынша, биылғы сайлау өткен жылдардағы сайлаулармен салыстырғанда жанжалды болмақ, сондықтан біз кез келген оқиғаға төтеп беруге дайындалып жатырмыз.