Арақчи Мәскеуде Қарабақ қайшылығына қатысты кеңестерді жалғастыруда
Қаз 29, 2020 22:48 Asia/Almaty
Мәскеуде ИИР арнайы өкілінің Қарабақ қайшылығын шешуге қатысты келіссөздерінің екінші кезеңі басталды.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі арнайы өкілі Арақчи Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Қарабақ істері жөніндегі арнайы өкілі Андрей Руденкомен сұхбаттасты.
Осы кездесуде тараптар Қарабақ дағдарысы және Иранның осы қайшылықты шешуге қатысты жобасын талқылады.
Арақчи: «Теһран жобасы гуманитарлық негіздер мен қақтығысушы тараптардың талап-тілектерін ескере отырып жасалған»,-деді.
Тегтер