Макрон исламофобиясынан бас тартпады
Франциядағы исламофобияның күшеюі және оның ел президенті Эммануэль Макронның сөз бостандығын қорғау сылтауымен бұл әрекеттерді қолдауымен тұспа-тұс келуі бұл елді қорқыншты келешекке тіреді.
Бейсенбі Франция үшін қанды күн болды. Бұл елдің әртүрлі қалаларында суық қарумен жасалған шабуылдардың салдарынан бірнеше адам өлді және жарақат алды. Бұл қанды оқиғалардың қайталануы Франциядағы исламофобия мен Макронның Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигіетін карикатураларды басып шығараған Charlie Hebdo журналының әрекетіне қолдау көрсетуін жалғастыруына реакция болды. Негізінде Макронның Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигіетін карикатуралардың басып шығарылуын қорғауы мен Исламға қарсы жоба ұсыну сынды әрекеттерінде байқалып отырған исламофобиясы Францияның шиеленіс пен тынышсыздықтармен бетпе-бет келуіне себеп болды. Батыс Азия мәселелері жөніндегі сарапшы Сейед Хади Борхаидің айтуынша, «Франия исламдық құндылықтарға тіл тигізу және исламофобия саласындағы ең азат мемлекеттердің бірі». Макронның сөз бостандығын сылтауратып, исламдық құндылықтарға тіл тигізуі Францияның ішінде де көптеген сынауларға кезікті.
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Францияны Исламға қарсы әрекеттеріне реакция білдіріп, Twitter-дегі парақшасында: «Экстремизм тек экстремизмді арттырады, сондықтан арандатушылық арқылы бейбітшілікке жету мүмкін емес»,- деп жазды.
Исламофобиясы және еліндегі мұсылмандарға қарсы қысымды күшейтумен танымал болған АҚШ Президенті Дональд Трамп Франциядағы өзгерістерді өз мүддесіне пайдалануға талпынуда. Ол Ислам мен терроризмды бір-бірімен байланыстырып, Франциядағы бейсенбі күнгі оқиғаны өзінің Ислам мен мұсылмандарға қарсы айыптауларын дұрыс қылып көрсетуге пайдаланбақ болды. Шын мәнінде Макрон мен Трамптың ортақ ұстанымы мен олардың Ислам мен терроризмді теңеуі қасиетті дінді дұрыс емес көрсету және Франция мен АҚШ-та өмір сүретін мұсылмандарға қарсы қысымды күшейту мақсатпен жасалуда.