Зариф: Иран өз шекарасына жақын маңда лаңкестердің болуына төзбейді
https://itolqyn.com/news/world-i48809-Зариф_Иран_өз_шекарасына_жақын_маңда_лаңкестердің_болуына_төзбейді
Иран Сыртқы істер министрі лаңкестік топтардың Қарабақ аймағына тасымалданып, қақтығыстарға қатысып жатқанын ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 01, 2020 16:12 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі лаңкестік топтардың Қарабақ аймағына тасымалданып, қақтығыстарға қатысып жатқанын ескертті.

Зариф: «Иран лаңкестік топтардың Қарабаққа тасымалданып жатқаны туралы Әзірбайжан, Армения, Ресей мен Түркияның басшыларына хабарлады және мұндай жағдайға төзбейтінін баса айтады»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: «Қазірше Иранның шекара маңында лаңкестер жоқ, бірақ олардың шекара маңына жақындау ықтималы жоғары»,-деді.