Тбилиси көшелерінде Грузия үкіметіне қарсылардың шеруі өтті
(last modified Mon, 02 Nov 2020 15:34:40 GMT )
Қар 02, 2020 21:34 Asia/Almaty
  • Тбилиси көшелерінде Грузия үкіметіне қарсылардың шеруі өтті

Грузия оппозиционерлері 1 қарашада парламенттік сайлаудың оныншы кезеңінің нәтижесіне наразылық ретінде Тбилисиде үкіметке қарсы шеру өткізді.

50 пайыздан аса дауысты санағаннан кейін оппозициялық партиялар билеуші партияның озғанына реакция білдіріп, сайлау нәтижесін заңсыз деп атады.

Грузиядағы бір шындық мынау: үкімет те, оппозиционерлерде батысшыл көзқарасқа ие. Шын мәнінде Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили мен «Халықтық қозғалыс» атты партия жетекшісі тарапынан басқарылып отырған «Грузия арманы» атты оппозициялық партия Ресейге қарсы батысшыл ұстанымға ие. Ал бұл жағдайда Грузия үкіметі оппозиционерлер сияқты батысшыл ұстанымға ие болса да, Ресеймен қатынасқа көңіл аударады.

Осыған қатысты Грузия Парламентінің бұрынғы басшысы әрі «Біріккен Грузияның демократиялық қозғалысы» атты оппозициялық партияның жетекшісі Нино Бурджанадзе жуырда Мәскеуде басылып шығатын «Известия» газетіне берген сұхбатында: «Грузияның ұлттық мүдделерін қорғау үшін Тбилиси Мәскеумен тікелей сұхбаттасып, Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуы қажет»,-деді.

Мұнымен қоса, Грузияның саяси басқару құрылымы осы елдің конституциясына сәйкес парламенттік басқару жүйесіне өзгерді. Елді басқарудың бұл тәсілі биылдан бастап бірінші рет сынақтан өткізілуде. Шын мәнінде Грузия конституциясы бекітілгеннен кейін алғаш рет ел Президенті Парламентегі депутаттардың дауыс беруімен таңдалатын болады. Саяси белсенділердің Батыс және Ресейге қатысты және Грузияның конституциясы туралы жалпы пікірін ескерсек, 31 қазанда бұл елдегі Парламенттік сайлаудың оныншы кезеңі Грузия үкіметінің қашып жүрген Михаил Саакашвилиге билікті тапсыруды қаламайтынын білдірген жағдайда өтті. «Грузия арманы» оппозициялық партиясы да Парламентте көбірек орын алу арқылы биліктен үлес алуға талпынып жатыр.  

Грузиядағы қазіргі өзгерістерді қорытындылай келіп, билеуші партияның билікте қалу үшін жасап жатқан талпыныстарына қарамастан, Михаил Саакашвилидің оппозициялық партияның жетекшісі ретінде қатысуы оппозиционерлердің мақсаттары мен тілектерін тағы да Батысқа бағыныштылыққа бағыттауы мүмкін.  

Грузияда  Михаил Саакашвилидің президенттік кезеңінің толық болмауы оның атқарушы билікті қолға алуға жеткілікті тәжірибеге ие еместігін көрсетеді. Сонымен қатар ол Тбилисидегі АҚШ елшілігінің дипломаттарына қатты сенеді. Осы сенім бес күндік соғыстың болуына әкеліп соқтырып, Оңтүстік Кавказдағы осы шағын елдің бөлшектенуіне жағдай жасады.