Иран Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i48836-Иран_Аустрияда_болған_лаңкестік_шабуылды_айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптап: «Халықаралық қауымдастық лаңкестікпен түбегейлі түрде күресуге жұмыла кірісіп, әріптестік жасауы керек»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 03, 2020 18:53 Asia/Almaty
  • Иран Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Аустрияда болған лаңкестік шабуылды айыптап: «Халықаралық қауымдастық лаңкестікпен түбегейлі түрде күресуге жұмыла кірісіп, әріптестік жасауы керек»,-деді.

Аустрияның астанасы Венада 3 қарулы адам 6 жерге шабуыл жасап, соның салдарынан 3 адам, олардың ішінде 2 ер адам мен 1 әйел қаза тауып, 15 кісі, олардың ішінде бір полиция офицері жарақат алды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Лаңкестік қандай формада болмасын айыпталады. Вена оқиғасы терроризм мен экстремизмнің шекара танымайтынын көрсетті»,-деді.