АҚШ-та сайлауға қатысты текетірестермен бір мезгілде қару-жарақ сату күшейе түсті
https://itolqyn.com/news/world-i48857
АҚШ-та президенттік сайлауға қатысты текетірес күшейгеннен кейін қару-жарақ саудасы артты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 05, 2020 22:14 Asia/Almaty
  • АҚШ-та сайлауға қатысты текетірестермен бір мезгілде қару-жарақ сату күшейе түсті

АҚШ-та президенттік сайлауға қатысты текетірес күшейгеннен кейін қару-жарақ саудасы артты.

АҚШ-тың қару-жарақ өнеркәсібінің коммерциялық тобының хабарлауынша, 3 қараша, АҚШ-та президенттік сайлау өткен күні 80 мыңнан астам оқ 30 минутта сатылған.  

Қару-жарақ та сататын спорт дүкендері қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алушылардың көптігіне байланысты қоймада тауар тапшылығына ұшырады. Қару-жарақ сатылымы 300-500 пайызға артты.

АҚШ-та президенттік сайлаудың нәтижесі жарияланып, демократтардың үміткері Джо Байден жеңіске жеткен жағдайда елде қарулы қақтығыстар мен қатігездіктердің арту ықтималы зор.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың басты жақтастары – нәсілшіл содырлар.