Зариф: Әлем АҚШ-тың жаңа басшыларын бақылауда
Қар 08, 2020 20:03 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-та президенттік сайлау нәтижесінің жарияланғанына реакциясында бұл елдің зорлық көрсетуді тоқтатып, көпжақтылыққа қайта оралып, заңға құрмет көрсететініне үміт білдірді.
Зариф жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ халқының өз сөзін айтып, пікірін білдіргеніне тоқталып: «Әлем АҚШ-тың жаңа басшылары бүлдіргі, заңға қайшы әрі зорлықшыл қатынасты қойып, көпжақтылық, әріптестік пен заңға құрмет қатынасын ұстанар ма екен деп бақылап отыр»,-деп жазды.
Тегтер