Франция әлем мұсылмандарының ашу-ызасын басуға күш салуда
Франция басшыларының исламофобиясы әлем мұсылмандарының ашу-ызасын тудырды. Ислам әлемінің қарсылығы Франция басшыларының исламофобиялық ұстанымнан кері шегініп қана қоймай, мұсылмандардың көңілін аулауға бел байлауына себеп болған сияқты. Тіпті Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан: «Исламға зор құрметпен қараймын»,-деді.
Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) құрметсіздік көрсеткен карикатуралардың таралуынан туындаған дағдарысты басу үшін Мысырға аттанған Жан-Ив Ле Дриан осы елдің басшыларымен кездесуінде исламға ерекше құрметпен қарайтынын айтып: «Біз лаңкестікпен күресеміз. Шын мәнінде дінді жамылып отырған – экстремистер»,-деді.
Соңғы апталарда Charlie Hebdo француз басылымында Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) құрметсіздік көрсеткен карикатуралар басылып шығып, Франция Президенті Эммануэль Макрон сөз бостандығы сылтауымен осы исламофобиялық шараны қолдағанына әлем мұсылмандары ашу-ыза білдіргеннен кейін Франция Сыртқы істер министрі Мысырға іссапармен келіп отыр. Тіпті ислам елдерінің көбінде Францияның туы мен Макронның суреттері өртеліп, Франция елшілігінің алдында жиындар өткізіліп, мұсылмандар Франция басшыларының ресми түрде кешірім сұрауын талап етті.
Осындай жағдайда ислам елдерінің көбінде француз тауарларына байкот жарияланды.
Француз жазушысы Мурад Биал осы туралы: «Эммануэль Макронның ислам дініне қарсы соңғы сөздері мен ұстанымы үлкен қателік болды. Оның есесін жазықсыздар өтеуде. Макронның сөздері Франция экономикасына зиян тигізді. Өйткені кейбіреулер француз тауарларын сатып алуға байкот жариялады»,-деп жазды.
Ислам елдері өздерінің ұстанымдарында Франция басшыларының шараларына ашу-ыза мен жиреніш білдірді. Мұсылмандардың көзқарасынша, мұндай ұстаным экстремистік топтарға исламның атын жамылып, экстремизмді таратуына және мұсылмандардың өмір сүру жағдайын қиындатуға мүмкіндік береді.
Осындай жағдайда Франция басшылары мұсылмандардың көңілін табуға кірісіп, қарама-қайшы пікірлер айтып, ислам әлемінің ашу-ызасын басуға күш салуда. Сонымен қатар олар қазір экономикалық дағдарыс жағдайында мұсылмандардың француз тауарларына байкот жариялағанына алаңдап отыр. Өйткені бұл байкот Франция экономикасына ауыр соққы береді.
Франция басшыларының талпыныстарына қарамастан, ислам әлемі мұндай ұстанымды кешірмейтін де, ұмытпайтын да секілді.