Армения Президенті үкіметтің отставкаға кетуін талап етті
Қар 17, 2020 17:15 Asia/Almaty
Армения Президенті елдің Премьер-министрі мен үкіметтінің отставкаға кетуін талап етті.
Армения Президенті Армен Саркисян өз мәлімдемесінде Қарабақ аймағындағы жағдайға тоқталып: «Соңғы күндері парламент мүшелері, партиялар, әлеуметтік топтар және оппозиция өкілдерімен өткен бірнеше кездесулер көрсеткендей, абсолютті көпшілік қазіргі үкіметтің отставкаға кетуі және мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу қажеттілігімен келіседі. Таулы Қарабах аймағындағы экономикалық құлдырау босқындардың үлкен ағынына себеп болды және армян қоғамы бұл жағдайға қатты ашулы»,- деді.
Тегтер