Түркия Парламенті Анкара ұсынған жобаны мақұлдады
Бірнеше жылдық талпыныстан кейін Түркия үкіметі ақырында Оңтүстік Кавказ аймағына әскер жіберіп, Әзірбайжанда әскери база орналастыратын болды.
Бұған дейін Әзірбайжанда түрік әскери базаларын құру мәселесі Анкараның Әзірбайжанның ресми тұлғаларымен сөйлесуінің жасырын әрекеті ретінде қарастырылды. Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қақтыыстардың басталуынан және Түркияның көмектерінен кейін Баку басшылары Түркияның бұл өтінішіне келісті. Бұл салада Түркия Парламенті сейсенбі 17 қараша күні Анкара үкіметінің бір жылға Әзірбайжанда әскери күштерін орналастыру жобасын мақұлдады. Қазіргі кезде Әзірбайжан басып алынған жерлерінің 2/3 бөлігін Армениядан қайтып алды және қалған жерлерінің жағдайы әліде белгісіз. Ресей, Әзірбайжан мен Армения арасындағы үшжақты бейбітшілік келісімде тіпті Таулы Қарабақ аймағының атауы ескерілмеді. Соңғы отыз жылда Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленістер мен қақтығыстар Таулы Қарабах аймағының меншігіне байланысты болды. Шын мәнінде, қазіргі жағдай жақында жасалған келісімдерге қол қоюдың Түркияны ұзақ мерзімді мақсатына және Оңтүстік Кавказда әскери орналасуына ұмтылуына түрткі болғанын көрсетеді. Аймақтағы мүдделі тараптар қолданыстағы келісімдерден пайда көріп қана қоймай, сонымен қатар ауыр зардаптарға ұшырады. Бұл аймақтағы күштер арасындағы теңгерімнің бұзылуын білдіреді. Сондықтан олардың ұзаққа шыдайтынына күмән тудырады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дитрий Песков Түркия әскерилерінің орналасуын теріске шығарып: «Қарабақ аймағында тек Ресейдің бітімгершілік күштері орналасады. Түркиямен бұл саалдағы үйлестіру Әзірбайжандағы орталық арқылы жүзеге асырылады»,- деді. Саяси сарапшылардың пікірінше, Ресей үкіметінің Әзірбайжан жерінде Түркиямен бірлескен орталық құру туралы ұстанымын жариялауы Түркияны НАТО одағынан алшақтату мақсатты көздейді деп айтуға болады. АҚШ пен Франция ЕҚЫҰ-ның Минск тобының басқа тең төрағалары ретінде Ресей-Әзірбайжан-Армения арасындағы он баптан тұратын келісімін жарамсыз деп санайды. Батыс үкіметтерінің Ресей мен Түркияның Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қатысуы туралы ұстанымдарын қорыта келе: «АҚШ пен Франция ұстанымдарының Ресей мен Әзірбайжан және Армения арасындағы бейбітшілік келісіміне кері әсер ете алмағанымен, бұл қарсылықтар Оңтүстік Кавказ аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін»,- деп айту керек.