Бахрейн ресми делегациясының басып алынған жерлерге алғашқы сапарының мақсаттары
(last modified Thu, 19 Nov 2020 14:17:48 GMT )
Қар 19, 2020 20:17 Asia/Almaty
  • Бахрейн ресми делегациясының басып алынған жерлерге алғашқы сапарының мақсаттары

Бахрейннің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф әз-Зияни бастаған алғашқы ресми делегация басып алынған жерлерге аттанды.

Бахрейн – БАӘ-ден кейін өткен қыркүйек айында сионистік режиммен дипломатиялық қарым-қатынасын қалыптастыру үшін бейбітшілік келісіміне қол қойған екінші араб елі. Келісімге қол қойылғаннан бір ай өткен соң АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин мен Израильдің ішкі қауіпсіздік  жөніндегі кеңесшісі Мир бен Шабат бастаған америкалық-израильдік делегация 18 қазанда Бахрейннің астанасы Манамаға барды.

Енді Бахрейннің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф әз-Зияни бастаған алғашқы ресми делегация Израильге барды. Бұл сапар Израильмен бейбітшілік келісімін пысықтау үшін жасалды. Алайда бұл сапардың АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Израильге сапарымен тұспа-тұс келуі аталмыш келісімнен басқа да мақсаттардың көзделгенін көрсетеді.

Бұл сапардың ішкі және аймақтық деңгейдегі мақсаттары болған сыңайлы.  

Ішкі деңгейде осы сапарда Бахрейн делегациясына исламдық құндылықтардан бас тартып, батыстануды нығайту ұсынылған секілді. Бұл мәселе жуырда БАӘ-да исламдық қағидалардың алынып тасталуы қалыбында, соның ішінде азаматтық некені қабылдау және алкогольді ішімдіктерге шектеулерді жою қалыбында жүзеге асырылды. Нахиан әулеті үкіметі мұны қабылдады.  

Мұнымен қоса,  Бахрейн халқының Халифе әулеті режиміне қарсы азаматтық қозғалысына қатысты тақырыптар да осы сапар барысында талқыланған сыңайлы. Бахрейн халқының қозғалысы 2011 жылы 14 ақпанда басталды. Одан бері шамамен он жыл өтті. Сионистік режим өткен онжылдықта түрлі қалыптарда Халифе әулеті режиміне  халықтық көтерілісті басып-жаншуға көмектесті. Кейбір ақпараттарға сәйкес Израиль күштері Бахрейн әскерилерін  халықтық наразылықтарды басып-жаншуға үйрету міндетін атқарған.  

Аймақтық деңгейде Иранға қарсы шараларды ілгерілету және сондай-ақ аймақтық коалиция құру осы сапардың маңызды мақсаттарының бірі болды.

Бахрейн, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ пен Израиль аймақта Иранға қарсы әрекет етіп отырған ойыншылардың қатарына жатады. Осы ойыншылар арасындағы әрбір дипломатиялық кездесуде Иран мәселесі талқыланады.  

Өткен 4 жылда АҚШ Иранға қарсы бір аймақтық коалиция құруға талпыныс жасады. Алайда сәттілікке қол жеткізбеді. Мұндай коалиция Израиль мен АҚШ-тың аймақтағы ықпалын нығайту мақсатын көздейді.

АҚШ-та Дональд Трамптың сайлауда жеңіліс тапқаны растала түскен шақта осындай сапар ұйымдастыру Халифе әулеті мен сионистік режимнің Трамптың Ақ үйден шыққанынан кейін қарым-қатынасты қалыптандыру жобасының жеңіліс табу ықтималына алаңдаудан туындап отыр.