АҚШ-та өткен тәулікте екі мыңға жуық адам қайтыс болды
Қар 20, 2020 14:41 Asia/Almaty
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, өткен тәулікте АҚШ-та коронавирустан 1964 адам қайтыс болды.
.
Бұл пандемия басталғаннан бері АҚШ-тағы оның салдарынан қайтыс болғандардың ең көп саны болды. Қазіргі уақытта АҚШ коронавирусын жұқтырғандар саны бойынша да, вирустың салдарынан қайтыс болғандар саны бойынша да әлемде бірінші орында тұр. Соңғы статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 12 миллион 200 мыңнан асты, оның 258 мыңнан астамы қайтыс болды.
Тегтер