Макрон Исламға қарсы әрекеттерін жалғастыруда
Франция президенті Эммануэль Макрон исламға қарсы әрекеттерін жалғастыра отырып, елдегі исламдық топтардың көшбасшыларына «Республикалық құндылықтар» деп аталатын хартияны қолдау мерзімін белгілеп, Францияның мұсылмандар кеңесіне оның пікірін қабылдауға 15 күн берді.
Макрон ұсынған жарғыға сәйкес, үйде оқытуға қатысты шектеулер қолданылады және мешіт имамдарының дайындығын қадағалау артады. Соңғы жылдарда Еуропаның әртүрлі елдеріндегі террористік актілерден және оңшыл партиялардың билік басына келіп, ұлтшыл қозғалыстардың күшеюінен кейін бұл құрылықта Исламға қарсы әрекеттер көбейе түсті. Бұл арада Франция мұсылмандары қысымға көбірек ұшырады. Франция Еуропадағы ең көп мұсылман халқына ие ел. Соңғы айлардағы бұл елдегі исламға қарсы саясаттың өршуі және француз басшылардың ислам идеологиясына қарсы ұстанымы мұсылмандар мен азаттық қозғалыстарының наразылығын тудырды. Сондай-ақ, Исламның ұлық Пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатуралардың жариялануы әртүрлі елдердегі, соның ішінде Франциядағы мұсылмандардың наразылығын тудырды және Эммануэль Макронның реакциясы жағдайдың нашарлауына әсерін тигізді. Француз билігінің экстремистік ұстанымдары әртүрлі мұсылман елдерінің билігін ашуландырды және Еуропалық Адам құқығы соты мұсылмандардың қасиеттіліктеріне тіл тигізу әрекеттердің шектен шығып, діни бейбітшілікке қауіп төндіруі мүмкін деп ескертті. Алайда, Макронның әрекеттері жалғасуда. Ол соңғы қадамында мұсылмандарға қатысты шектеулерді күшейтуге талпынды. Республикалық құндылықтар хартиясы жобасын ұсыну және Франция мұсылман топтарының басшыларын оған қол қоюға мәжбүр ету Макронның исламға қарсы саясатын жалғастыруының айқын мысалы бола алады. Басқа жағынан, Макронның соңғы жылдардағы саяси және экономикалық салалардағы жұмысының нашарлығы оған алдағы сайлауда жеңіске жету мүмкіндігін азайтты. Франция президенті мұсылмандарға қарсы қатаң ұстаным жасау арқылы ел қоғамындағы оңшыл және экстремистік ағымдарын өзіне қарай бұруға талпынуда. Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының әлеуметтанушысы Лоран Мочили: «Эммануэль Макрон мен оның үкіметі саяси себептермен, әсіресе, 2022 жылғы президенттік сайлауға байланысты «шамадан тыс әрекет жасады». Макрон отқа май құюда. Оның басты мақсаты - 2022 жылы қайта сайлану. Сондықтан 19-шы ғасырдың соңынан бастап босқындар мен қауіпсіздік туралы пікірталастың тақырыбы болып табылатын оңшыл позицияларды қабылдауы қажет»,- деді.