Ресей армиясының жаңа баллистикалық зымыраны сынақтан сәтті өтті
https://itolqyn.com/news/world-i49093-Ресей_армиясының_жаңа_баллистикалық_зымыраны_сынақтан_сәтті_өтті
Ресей армиясы Қазақстанда өзінің жаңа әуе-қорғаныс саласындағы сынақтарының сәтті өткенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2020 17:17 Asia/Almaty

Ресей армиясы Қазақстанда өзінің жаңа әуе-қорғаныс саласындағы сынақтарының сәтті өткенін хабарлады.

«Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: «Бұл зымыран Қазақстанның Сарышаған полигонынан ұшырылып, алдын ала белгіленген нысанаға дөп тиді»,-деп хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: «Зымыранның қорғаныс жүйесі әуеден жасалатын шабуылдардан қорғану үшін жобаланған»,-деп еске салды.

Жексенбі, 22 қарашада АҚШ ресми түрде «ашық аспан» келісімінен шыққанын жариялағаннан кейін осы зымыран сынағы өткізілді.