Трамп: Егер электорлар алқасы Байденге дауыс берсе, Ақ үйден кетемін
(last modified Fri, 27 Nov 2020 08:10:28 GMT )
Қар 27, 2020 14:10 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Дональд Трамп: «Егер электорлар алқасы Байденге дауыс берсе, Ақ үйден кетемін»,-деді.

Трамп бұл сөзін жұма күні таңертең Ақ үйде Америкалық күштерге алғыс айту күніне орай өткен рәсімде айтты.  

Байден электорлар алқасының 306 дауысын алса, Трамп 232 дауысқа ие болды. Байден 270 дауыстан артық жинағандықтан жеңіске жетті. Алайда Трамп осы күнге дейін жеңілгенін қабылдаудан бас тартып, сайлауда заңбұзушылық болды деп отыр.

Электорлар алқасы 14 желтоқсанда қалаулы президентке дауыс береді деп күтілуде.