Зариф: Ирандық ғалымға жасалған қастандық – ашынған адамдардың агрессиясы
Қар 30, 2020 14:29 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі лаңкестердің бір ирандық ғалымды өлтіргенін айтып: «Израильдің рөлі айқын көрінетін бұл қастандық ашынған адамдардың агрессиясын көрсетеді»,-деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында француз тілінде: «Иран әлемдік қауымдастықты, соның ішінде Еуроодақты екіқырлы стандарттардан бас тартып, осы мемлекеттік террорды айыптауға шақырады»,-деді.
Тегтер