Зариф: Ирандық ғалымға жасалған қастандық – ашынған адамдардың агрессиясы
(last modified Mon, 30 Nov 2020 08:29:30 GMT )
Қар 30, 2020 14:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Ирандық ғалымға жасалған қастандық – ашынған адамдардың агрессиясы

Иран Сыртқы істер министрі лаңкестердің бір ирандық ғалымды өлтіргенін айтып: «Израильдің рөлі айқын көрінетін бұл қастандық ашынған адамдардың агрессиясын көрсетеді»,-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында француз тілінде: «Иран әлемдік қауымдастықты, соның ішінде Еуроодақты екіқырлы стандарттардан бас тартып, осы мемлекеттік террорды айыптауға шақырады»,-деді.