БҰҰ АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларын сынады
АҚШ 2018 жылы мамыр айында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін барынша қысым саясаты аясында ИИР-ға қарсы қатаң санкциялар салуды күн тәртібіне қойды. Иран коронавируспен күресіп жатқан шақта АҚШ антигуманистік санкцияларын жалғастырып жатыр. Бұл мәселе БҰҰ-ның қатаң сынына ұшырады.
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Алена Духан адам құқығына қатысты біржақты зорлықшыл әрекеттердің теріс салдарлары туралы: «Коронавирус дағдарысы кезінде біржақты санкция салу БҰҰ-ға мүше елдердің 20 пайызына әсер етіп, оларды басқа елдерге қарағанда әлсіретті»,-деп қуаттады. Алена Духан коронавирус кең таралған шақта АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларының жалғасуы мәселесіне ерекше назар аударды. Духан індет кезінде біржақты санкция салу салдарынан адам құқығының бұзылу жайттарына тоқталып: «АҚШ Иранға вентилятор аппараттарын жіберуге тырысқан компанияларды санкциялар тізіміне енгізді»,-деді.
АҚШ санкцияларының Иранның коронавируспен күресіне теріс әсер еткеніне қатысты халықаралық сындар айтылғаннан кейін АҚШ Конгресінің 30-дан аса мүшесі Теһранға қарсы санкцияларды азайтуды талап етті. Бірақ Трамп үкіметі бұл талаптарға көңіл аудармады. Шындық мынада: Трамптың Иранға қарсы майданы ешқандай нәтиже бермеді. Сол себепті Трамптың сыншылары оны Иранға қатысты стратегиясы жоқ, бұл елмен текетіресті жөнсіз күшейтті және АҚШ-ты одақтастардан бөліп алды деп айыптады. Саяси сарапшы Симон Тисдальдың айтуынша, «Иран мен Венесуэла сияқты елдерге салынған санкциялар оларға үлкен қиындықтар тудырса да, АҚШ өз мақсатына жетпейтіні анық. Шын мәнінде коронавирус дағдарысы кезінде санкция салу саяси, стратегиялық және ақлақтық қатерлер мен бейберекеттік тудырады».
Өкілеттігіне екі айдан аз уақыт қалған Трамп үкіметі Иранға қарсы санкцияларын арттырып, қысымдарын күшейтіп қана қойған жоқ, қосалқы санкциялар салу арқылы басқа елдер мен шетелдік компанияларды Иранға қарсы санкцияларды ұстануға көндіруге талпынып жатыр.
Америкалық бейбіт белсенді әрі дін қызметшісі Дог Хастердің айтуынша, АҚШ санкциялары Иран үкіметі мен Қызыл ай қоғамы үшін коронавируспен күресті қиындатып отыр.
Шын мәнінде қазір Трамп үкіметі іс жүзінде Иранға қарсы экономикалық лаңкестікпен қоса медициналық терроризм жасап отыр. Және осы үдерісті жалғасатыру арқылы адамзатқа қарсы қылмыс жасауда.