Арменияда Премьер-министрге қарсы шерулер жалғасуда
Жел 06, 2020 15:00 Asia/Almaty
Армения халқы тағы да Премьер-министрге қарсы шеру өткізді.
Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, «Арменияны құтқару» ұлттық саяси альянсының басшылары сенбі күні түстен кейін Ереванда осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянға қарсы шеру өткізіп, оның биліктен кетуін талап етті.
Шерушілердің сенімінше, Арменияның Премьер-министрі Қарабақ бейбіт келісіміне қол қоюда осы елдің мүдделерін ескермеді.
Ереванның Пашинянға қарсы шерулердің сахнасына айналғанына бірнеше күн болды.
Тегтер