Арменияда Премьер-министрге қарсы шерулер жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i49206-Арменияда_Премьер_министрге_қарсы_шерулер_жалғасуда
Армения халқы тағы да Премьер-министрге қарсы шеру өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 06, 2020 15:00 Asia/Almaty

Армения халқы тағы да Премьер-министрге қарсы шеру өткізді.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, «Арменияны құтқару» ұлттық саяси альянсының басшылары сенбі күні түстен кейін Ереванда осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянға қарсы шеру өткізіп, оның биліктен кетуін талап етті.

Шерушілердің сенімінше, Арменияның Премьер-министрі Қарабақ бейбіт келісіміне қол қоюда осы елдің мүдделерін ескермеді.

Ереванның Пашинянға қарсы шерулердің сахнасына айналғанына бірнеше күн болды.