Ресей елшісі: Жаңа санкциялар Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасындағы дағдарысты күшейте түседі
(last modified Fri, 11 Dec 2020 10:44:08 GMT )
Жел 11, 2020 16:44 Asia/Almaty
  • Ресей елшісі: Жаңа санкциялар Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасындағы дағдарысты күшейте түседі

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Мәскеуге қарсы айыптауларды негізсіз деп атап: «АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялары Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасындағы дағдарысты күшейте түседі»,-деп ескертті.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі жұма күні тілшілерге берген сұхбатында АҚШ-тың Шешен автономды республикасының Президенті Рамзан Қадыровқа қатысты тұлғалар мен ұйымдарға салған санкцияларын Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасындағы дағдарысты күшейтетін жауластық қадам деп атады.

Антонов АҚШ-тың Ресейге қарсы шараларының бүлдіргі сипаты барын айтып: «АҚШ үкіметі осындай іс-әрекеттермен қоғамдық пікірді елдің ішкі мәселелерінен алдарқатуды көздейді»,-деді.

АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні Ресейде тіркелген 5 компания мен Р.Қадыровқа жақын 5 тұлғаны адам құқығын бұзды деген сылтаумен санкция тізіміне енгізді.