Теһрандағы Франция елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
(last modified Mon, 14 Dec 2020 14:08:40 GMT )
Жел 14, 2020 20:08 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Франция елшісі Иран СІМ-не шақыртылды

Сенбі күні Франция СІМ-нің Рухолла Замға қатысты мәлімдемесі жарияланғаннан кейін Теһрандағы Франция елшісі Филипп Тьебу Иран СІМ-нің Еуропа істері жөніндегі департаментінің директоры әрі министрдің көмекшісі тарапынан шақыртылып, оған Иран үкіметінің ресми наразылығы білдірілді.

ИИР жүйесіне қарсы психологиялық соғыс жүргізетін медиа өкіл Рухолла Зам тыңшылық және әскери қолбасшылардың, соның ішінде сардар шәһид Қасым Солейманидің қозғалысы туралы ақпарат беріп отырды, АҚШ-тың  Иранға қарсы санкциясының күшеюіне әріптестік жасады, қатігездікке толы бүлік жасау тәсілдерін үйретті деген айыппен сенбі күні дарға асылды.