Армения Премьер-министрінің отставкаға кеткені теріске шығарылды
(last modified Mon, 14 Dec 2020 15:31:21 GMT )
Жел 14, 2020 21:31 Asia/Almaty
  • Армения Премьер-министрінің отставкаға кеткені теріске шығарылды

Армения Премьер-министрінің ақпарат өкілі: «Пашинянның отставкаға кеткені туралы ақпарат жалған»,-деп мәлімдеді.

ISNA ақпарат агентігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Армения виртуалды кеңістіктігіндегі ақпарат каналдары осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянның қызметтен кетуге ниетті екенін хабарлады.

Арменияның астанасы Ереванда наразылықтар 10 қараша күні түнде  Ресей, Әзірбайжан мен Армения басшыларының Қарабақта атысты тоқтату туралы үшжақты бітімге қол қойғанынан кейін басталды.

Шерушілер Армения Премьер-министрінің Қарабақ бітімі келісіміне қол қою арқылы осы елдің мүдделерін аяқ асты еткенін айтып, Никол Пашинянның тез арада отставкаға кетуін талап етіп отыр.