Байден ремси түрде АҚШ сайлауының жеңімпазы атанды
https://itolqyn.com/news/world-i49321
Демократиялық партиядан үміткер Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда 306 сайлаушының дауысымен ресми түрде жеңіске жетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 15, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • Байден ремси түрде АҚШ сайлауының жеңімпазы атанды

Демократиялық партиядан үміткер Джо Байден АҚШ-тағы президенттік сайлауда 306 сайлаушының дауысымен ресми түрде жеңіске жетті.

 

Дауыс берушілер дүйсенбі, 14 желтоқсанда дауыс беру аяқталғаннан кейін Байденді АҚШ-тың жаңа президенті етіп сайлады. Байден дауыс берушілер алқасының 306 және Трамп 232 дауысына ие болды. АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жету үшін кез келген үміткер дауыс берушілер алқасының кемінде 270 дауысына ие болуы керек.

Трамп осы кезге дейін 3 қарашада өткен президенттік сайлаудағы жеңіліске ұшырағанын қабылдамады және сайлау кезіндегі алаяқтық мәселесін қозғауда.